СҚО-да астықтың жартысынан астамы жиналды

Өңір диқандары астықтың жартысынан астамын жинап үлгерді, деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі.

Биыл орақ науқаны күрделі жағдайда өтіп жатыр. Қыркүйек айының басынан бері жауын-шашын 45 мм немесе айлық норманың 158 пайызын құрап отыр. Осыған байланысты елімізде егін ору науқаны былтырғыдан қарағанда 32 пайыз баяу жүріп жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында айтты.

«Биыл дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналатын алаң 17,3 млн гектар алқапта жатыр. Бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 6,9 млн гектар немесе 40% дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. 6,6 млн тонна астық бастырылып, орташа өнімділік гектарынан 9,5 центнерді құрады», – деді министр.

Қазір күн райы оңалғасын облыс шаруалары барлық техникаларын егін орағына шығарды. Қазір танап басында жұмыс қызған. СҚО әкімдігінің хабарлауынша, биыл өңірде 3,2 млн га алқапта дәнді және бұршақ дақылдарын жинау жұмыстары жүргізілуде.

«Бүгінге дейін астықтың 1,8 миллион гектары немесе 53 пайызы орылды, 1,9 миллион тоннасы бастырылған. Облыста тәулігіне 240 мың тонна өнім кептіруге мүмкіндік беретін 317 астық кептіргіш іске қосылды. Сыйымдылығы 6,9 млн тонна болатын астық сақтау қоймалары бар», – делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Тағы оқыңыз:  Петропавлда волонтерлік қызметті дамыту жайы талқыланды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x