СҚО-да ақыл-есі кем адамға несие рәсімделген

Солтүстік Қазақстан облысында прокурорлардың тексерісінен кейін психикалық ауруы бар адамға 300 мың теңгеге жуық несиенің рәсімделгені анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, 2021 жылы «Kaspi Вank» АҚ-ы арқылы облыс орталығының тұрғынына сомасы 279 780 теңгеге несие рәсімделген. Петропавлдық психикалық ауруы бойынша екінші топтағы мүгедек, яғни қабілетсіз тұлға болып есептеледі. Осылайша ҚР Азаматтық кодексінің талаптары бұзылған.Несиені заңсыз рәсімдеу дерегін қадағалаушы орган халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау бойынша қадағалау жұмысы аясында анықтады.

«Ақыл-есі кем, әрекетке қабілетсіз деп танылған адамға несие рәсімделгендіктен, прокурорлар сотқа несие шартын жарамсыз деп тану туралы талап жіберді.Соттың шешімімен прокурордың талабы қанағаттандырылды, несие шарты жарамсыз деп танылды, әрекетке қабілетсіз адамның құқығы қалпына келтірілді»,-делінген хабарламада.

Алаяқтық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы, яғни интернет алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тағы оқыңыз:СҚО-да боранда жолда қалған 60 адам жылыту пунктеріне жеткізілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x