көлік заңдастыру

Солтүстік Қазақстан облысында шетелдік есепте тұрған көліктерді заңдастыруға рұқсат берілгелі 7495 автокөлік заңдастырылды, оның 88-і – «конструктор», деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімшілік полиция қызметкерлері белгіленген мерзім аяқталар алдында ҚР Үкіметінің шетелдік есепте тұрған көлік құралдарын заңдастыруға қатысты шешімін түсіндіру үшін автокөлік жүргізушілерімен кездесті.

1 шілде күні Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыру мерзімі аяқталады.

ҚР Үкіметі осындай автомобильдерді 5 жыл мерзімге уақытша есепке алуға рұқсат берді.

Осы аралықта көлік иесі заңдастыру шарттары бойынша мемлекеттік тіркеуден өтуі немесе көлікті елден шығаруы тиіс.

«Бірақ, міндетті талап — 2023 жылғы 1 шілдеге дейін заңдастыруға өтінім беру. Бірақт осыған қатысты барлық мәселе бойынша процессинг орталығының қызметкерлерінен 8 (7152) 32-00-22, 32-00-19 телефондары бойынша немесе Петропавл қ., М.Әуезов көшесі, 157, 5 кабинеттен ақпарат алуға болады», — дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Полицейлердің айтуынша, бүгінгі таңда облыста 7495 шетелдік автокөлік заңдастырылған, оның ішінде 88-і – «конструктор», яғни олар елімізге қосалқы бөлшек түрінде әкелінген.

Тағы оқыңыз: М.Жұмабаевтың 130 жылдығы дүркіретіп тойланды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x