СҚО-да 7 медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында қазір облыста 7 медициналық нысан салынуда. Бұл жайында Айыртау ауданына іс сапармен барған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Биыл Айыртау ауданы Лобонова ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылады. Оның құрылысы барысын облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бақылап қайтты.

«Жалпы, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында қазір облыста 7 медициналық нысан салынуда. Осының арқасында ауылдардағы медициналық көмектің сапасы біршама жақсарады», – деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, Лобаново ауылында өңір басшысы жергілікті тұрғындармен кездесті. Жеке инвестицияның көмегімен былтыр ашылған көпсалалы колледждің оқу процесімен танысты. Саумалкөлде ірімшік шығаратын кәсіпорынды аралап, жаңа жылу қазандығына барды. Қырман  басында аудандағы шаруалармен жиын өткізіп, агроөнеркәсіп кешеніндегі мәселелер талқылады.

Тағы оқыңыз: Облыста ауыл шаруашылығы және білім саласында маман тапшы

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x