СҚО-да қызылша жұқтырғандар саны 75 адамға жетті

Солтүстік Қазақстанда 48 адам қызылшамен ауырып, ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы ауыр науқастар жоқ. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында қызылшаны 75 адам жұқырған.  Оның 48-і инфекциялық ауруханада ем қабылдауда. 

Жұқпалы ауруға көбіне Петропавл қаласының тұрғындары шалдыққан. 68 адам. Оның ішінде Ұлттық ұлан әскери институттының курсанттары көп. Онда 29 адамның қызылша жұқтырғаны расталды.

«Қызылшаның расталған жағдайларының ішінде Біріккен Араб Әмірліктерінен, Ресей Федерациясынан және Қырғызстан Республикасынан әкелінген 3 жағдай тіркелді. Ауру жұқтырғандардың 65% – ы 15 жастан асқан адамдар. Дертке шалдыққандарджың 79 пайызы екпе алмағандар», – деді Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  басшысы Әсет Жұматаев.

Облыста қызылшаға қарсы 3540 бала егілді. Оның ішінде 6 айдан 11 айға дейін – 1103 бала, 2 жастан 4 жасқа дейін – 2077 бала бар. Сондай-ақ 86 медицина қызметкері вакцина алды.

«Өңірде қызылша жқтырған науқастарға арналған 181 жатын орын бар. Аудандағы ауруханадарда да орындар ашылды. Өткен тәулікте ауруханаға 3 науқас қызылшамен жатқызылды. Оның екеуі бала. Амбулаторлық түрде 14 науқас ем алып жатыр», – деп толықтырды СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов.

Вакциналар туралы қосымша ақпаратты EGU.kz сайтынан табуға немесе 7701 сенім телефоны бойынша хабарласуға болады.

Тағы оқыңыз: Қызылша: белгілері, анықтау жолдары мен емі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x