СҚО төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді

Рамиль Камаловтың орнына Ерік Сарыбаев тағайындалды. СҚО төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді, деп хабарлайды Qaqastan Media тілшісі.

СҚО ТЖД қызметкерлеріне жаңа басшыны облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев таныстырды. Бірақ көпшілігі Ерік Сарыбаевты жақсы біледі. Өйткені, ол осыған дейін де өңірде қызмет еткен.

СҚО төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді

Жалпы, Ерік Сарыбаев 1976 жылы 28 мамырда Түркістан облысы Ордабасы ауылдық округінің Темірлан ауылында дүниеге келген.

«Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» және «Әскери бөлімдер мен құрамаларды басқару» мамандықтары бойынша М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен және Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын бітірген.

Азаматтық қорғау органдарына 2009 жылы келген. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің авариялық-құтқару қызметі бөлімінің аға офицері қызметінен бастады. Соңғы лауазымы -Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

Еске сала кетейік, осыған дейін өңірдің бас құтқарушысы болған Рамиль Камалов ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болып тағайындалған болатын.

Тағы оқыңыз: СҚО-да шенеуніктер кәсіпкердің субсидия алуына кедергі келтірген

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x