[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}» custom_padding=»||27px|||»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/adik0021_01.AVI_snapshot_00.03.919-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Өңір тарихы жаңа әдіспен зерттелмек. Алдағы уақытта облысымыздың тарихи және мәдени  ескерткіштері туралы мәліметтер толығымен электронды нұсқаға көшіріледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Былтыр өңірде Ә.Марғұлан археология институның филиалы ашылған еді.  Мақсат — облыс тарихын кәсіби археологтарды жұмылдыра отырып, жаңа әдіспен зерттеу. Яғни, мамандар  биыл зерттелмей қалған орта ғасырлық кезеңге,  алтын орда, түркі және ғұн дәуіріне тиесілі есткерткіштерді өңір аумағынан іздеп, экспедиция жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр. Бұл жұмыстар М.Қозыбаев университетінің мамандарымен бірлесе атқарылмақ. 

«Біз екі жылдың ішінде Солтүстік Қазақстан облысындағы ескерткіштердің тізмін жасамақпаз. Бұл не үшін керек? Ең алдымен  қандай ескерткіштеріміз бар екенін білмейінше ары қарай жұмыс жасау мүмкін емес. Екіншіден, бұл жерде кешенді зерттеу болғандықтан, біз осы ескерткіштерді жаңадан, жаңа методикамен зерттемекпіз. Басқа дәуір ескерткіштерін табуды жоспарлап отырмыз», — дейді Ә.Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры Ақан Оңғарұлы.

Институт мамандары облыстық тарихи және өлкетану музейінде де жұмыс істемек. Қазіргі уақытта музей қорындағы жәдігерлер саны 300 мыңнан асады. Яғни, алдағы уақытта республиканың кәсіби археолог, антрополог мамандары бірлесіп, ұлттық қорымызды дамытпақ. Сондай-ақ, жерлес ғалымдардың еңбегі музейлерде шаң басып қалмау үшін оларды болашақ ұрпаққа жеткізу көзделген.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *