СҚО-да жазасын өтеп жүрген жандар басқа түзету мекемелеріне көшірілді

Солтүстік Қазақстанда су тасқынына байланысты  жазасын өтеп жүрген жандар басқа түзету мекемелеріне көшірілді. Кейбірі Қарағанды және Көкшетау қалаларына жөнелтілген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қатысты жағдай ушығып тұр. Петропавлға жеткен су қазір бірқатар аудандарды басып қалған. Солардың бірі – Заречный кенті. Айта кетейік, мұнда тергеу изоляторы мен түзету мекемесі орналасқан. Қазір ондағы жазасын өтеп жүрген жандар басқа мекемелерге көшірілген.

«СҚО ҚАЖД № 48 түзету мекемесіндегі сотталушылар Петропавлдағы әйелдер колониясына қоныстандырылды. Барлығы – 752 адам. Ал № 50 түзету мекемесінде жазасын өтеп жүрген 301 келіншек Қарағанды қаласына жөнелтілді. Күні кеше № 52 түзету мекемесінен (қоныс колониясы) 69 сотталушы Якорь аулындағы мәдениет үйінде орналасқан эвакуациялық пунктке көшірілді. Ал № 66 түзету мекемесіндегілер Петропавл қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына ауыстырылды. Ал қалғандары Көкшетау қаласына жеткізілді», — деді облыс прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттар.

Тағы оқыңыз: Петропавлдықтар үйлерін тастап кетуге қорқады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *