[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/01/1671600596756-2-scaled.jpg» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Өткен жылдың соңында СҚО-дағы №48 түзету мекемесіндегі сәлемдемелердің бірінен «тосын сый» шыққан. Колония қызметкерлері аяқ киім тазалауға арналған щетканың ішіне жасырылған телефонды тауып алды. Тыйым салынған зат рентген-телевизиялық қондырғының арқасында анықталған, деп хабарлайды Qazaqstan Мedia тілшісі.
СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сәлемдемені сотталушыға Түркістан облысында тұратын туыстары жіберген.
«Сәлемдемені тексеру барысында аяқ киім тазалауға арналған ағаш щетка күдік тудырған. Колония қызметкерелрі оны бөлшектегенде ішінен «Nokia» маркалы ұялы телефон, сим-карта және телефонды қуаттауға арналған USB кабель анықталды. Тыйым салынған заттар тәркіленіп, азаматқа қатысты материал жинақталып жатыр», — деді ведомствоның баспасөз қызметі.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]