Істі алқабилердің қатысуымен облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарастырды.

Солтүстік Қазақстанда адам өлтіріп, қарақшылық жасады деп айыпталған екі жасөспірім ақталды. Іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен қаралды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға өткен жылдың соңында М. Жұмабаев ауданында болған. Екі жасөспірім (қылмыс жасаған уақытта екеуі де кәмелет жасына толмаған) ауыл тұрғынын өз үйінде өлтіріп кеткен.

«Айыпталушылар қарақшылық шабуыл жасамақ болып, алдын ала сөз байласып, жәбірленушінің үйіне келген. Кейін оны өлтіріп, 150 мың теңгесін қолды қылды. Бұған дейін айыпталушылардың біреуі өз әжесінен және досынан 2 млн теңгеден астам қаржыны ұрлаған», – деп көрсетілген сот материалында.

Сот отырысы жабық режимде өтті. Жасөспірімдер ҚР ҚК 192 бабы 3 б. 4 т. (Қарақшылық) және ҚК 99 бабы 2 б. 7, 8 т. (Адам өлтіру) бойынша сондай-ақ, біреуі тағы ҚР ҚК 188 бабы 3 б. 1,2,3 т. (Ұрлық) айыпталған болатын. Алайда сотталушыларды, куәгерлерді тыңдап, істің материалдарын зерттеген алқабилер алғашқы екі бап бойынша оларды ақтап шыққан.

«Қарақшылық және кісі өлтіру бойынша айыпталушылардың  кінәлары дәлелденбегендіктен ақталды. Олардың бірі бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Оның кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді. Және ол қылмыс жасағанын мойындады. Ал оның жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кәмелетке толмағандығы, кінәсін ішінара мойындауы және 3-топтағы мүгедектігі барлығы аталды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған. Ол 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», – деді үкімді оқыған судья Дастан Исмаилов.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жәбірленуші тарап алқабилер шығарған шешіммен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген.

СҚО-да адам өлтірді деп айыпталған жасөспірімдер ақталды - алқабилер шешімі
СҚО-да адам өлтірді деп айыпталған жасөспірімдер ақталды – алқабилер шешімі

Тағы оқыңыз: Петропавлда тасқыннан қираған үйлер қалпына келтіріліп жатыр

 

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x