[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/Полицейские-СКО-за-день-выявили-14-иностранцев-нарушивших-правила-пребывания-в-РК-1-1-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Өңірде бір күн ішінде Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 14 шетелдік анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Заңды бұзғандар «Шетелдік» акциясы аясында анықталған. Олардың дені Қазақстанда болу мерзімін бұзған көрінеді. Яғни, уақыт аяқталғаннан кейін қонақтар ел аумағынан шығуы немесе мерзімдерін ұзарту туралы алдын-ала жүгінуі тиіс. Сондай-ақ, шетелдіктерді паналатып, құзырлы органдарға хабарламаған облыстың 20 тұрғыны жауапқа тартылды. Тәртіп сақшылары қабылдаушы тараптың көші-қон қызметін шетелдіктердің келгені туралы үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуі тиіс екенін еске салады. Акция шеңберінде шетелдіктерге заңнамадағы өзгерістер де түсіндірілді.
«27 қаңтардан бастап шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуы 90 күннен аспауы керек. Келесі 90 күндік кезеңді олар шетелде өткізуі қажет. Жалпы қызметкерлер халық көп жиналатын орындарда өткізілетін «мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесіне», әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлерге, кездесулерге қатысып, кеңес беруге әзір. Сондай-ақ, басқармаға 8 (7152) 34-00-50 телефоны арқылы хабарласуға болады. Біз көші-қон заңнамасына қатысты мәселелер бойынша кез келген форматта көмектесуге дайынбыз», — дейді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]