СҚО-да әріптесін атып өлтірген әскери қызметші екі жылға сотталды

Солтүстік Қазақстанда абайсызда әріптесін атып өлтірген «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлінісінің  әскери қызметшісі екі жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қоныс колониясында өтейтін болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қайғылы оқиға өткен жылдың қараша айында тіркелген болатын. Сол күні ҚР Ұлттық Ұланы «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлінісінің әскери қызметшілері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу үшін шыққан. Қызметтік көлікті Виталий Чужиков басқарған. Ал оның артында айыпталушы «Е» отырған.

«Олар діттеген жерге жетіп, ҰҚК өкілдерін күтіп отырған. Сол кезде сотталушы «Е» қолындағы  қаруды алып қауіпсіздік талаптарын сақтамай, абайсызда жүргізуші орындығында отырған сержант Чужиковқа жауынгерлік қарудағы патрондармен екі рет оқ атқан», – делінген Ақмола гарнизоны әскери сотының материалдарында.

38 жастағы сержант ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмаған.

Ал оның артында әйелі мен кәмелетке толмаған қызы қалды.

«Әскери қызметші Е. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 462-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ ол жәбірленушіге 6 млн теңге моральдық зиян өтеуі тиіс», – деп көрсетілген сот үкімінде.

«Е» жазасын қоныс колониясында өтейтін болады. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Тағы оқыңыз: Миллиондап қаржы жымқырған: СҚО прокурорлары мектепке дейінгі ұйымдарда тексеріс жүргізді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x