Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Шара барысында 300-ден астам түрлі бұзушылығын анықталды. Оның ішінде, көлік басқару кезінде телефон пайдалану – 52, маневр жасау ережелерін бұзу – 32, жылдамдықты арттыру бойынша 26 факті анықталды. 19 жүргізуші көліктерін техникалық тексерусіз пайдаланған, деп жазады Qazaqstan Media.
«Автобус» операциясы шеңберінде 28 шілде күні Кошуков көшесінде 62 жастағы маршруттық автобус жүргізушісінің қарсы қозғалыс жолағына шығып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал жиналды. Ол 6 айға көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін.
Сонымен қатар, 26 шілдеде Петропавл сыртындағы айналма жолда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала ішінде қатынайтын бағыттардың бірінің автобусын басқарып келе жатқан 57 жастағы жүргізушіні тоқтатты. Күннің жарығынан қорғану үшін көліктің алдыңғы терезесін қараңғылатып, пленка жабыстырған. Бұл көлік құралдарының пайдаланудың өрескел бұзушылығына жатады.Ол сол жерде пленканы алып тастады. Бұл факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сол күні кешке қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жұмысшы кентінің көшелерімен мас күйде жүрген Mitsubishi жеңіл автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісін ұстады.
«Ер адамды тоқтатып, ұстау кезінде ол полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбады. Медициналық куәландыру оның бойында мастықтың «орташа дәрежесін» көрсетті. Ер адам 15 күнге әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін»,- деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Мамлют ауданында спорткешен, ДСП зауыты мен медициналық мекемелер салынуда