СҚО-да қар аралас жаңбыр жауады – синоптиктер болжамы

Солтүстік Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады деп күтілуде. Синоптиктер дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қазгидромет еліміздің көптеген өңірінің тұрғындары үшін дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер болжамынша, өңірде 10 қарашада қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады.

«Солтүстік Қазақстанда түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жел тұрып, оның екпіні 23-28 м/с, ал кей жерлерде 30 м/с және одан да жоғары болады деп күтіледі», — деп хабарлады синоптиктер.

Осыған байланысты ТЖД тұрғындарға сақтық шараларын естен шығармау керектігін ескертеді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да бес бірдей полиция бөлімінің бастығы ауысты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *