Бүгін ҚР Премьер-миристрінің қатысуымен үкімет отырысы өтті. Жиында Олжас Бектенов барлық облыс әкімдеріне  су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін патрульдеу шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

 Үкімет отырысынан кейін өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласы және аудан әкімдерімен жиын өткізді. Ол солтүстікқазақстандықтарды сақтық шараларын қатаң ұстауға шақырды. Жалпы, облыста 60 өзен мен екі мыңнан астам көл бар. Өңірде шомылуға арналған 60 арнайы орын белгіленген. Былтыр суға түсу маусымында бес қайғылы оқиға тіркелген еді. Ал биыл шомылу маусымы басталған екі апта ішінде төрт адам суға кеткен. Олардың үшеуі – бала.    Сол себепті, өңір басшысы жауапты органдарға бақылау шараларын күшейтуді тапсырды.

 «Бақылауды күшейту керек. Себебі, қазір жазғы демалыс маусымы басталды. Тұрғындар өзен-көлге жиі баратын болады. Облысымыздың бірқатар аудандарында арнайы шомылу орындары белгіленбеген. Бұл қайғылы жайтқа алып келеді. Сол себепті, ПД мен ТЖД мамандары жағдайды бақылауда ұстап, рұқсат етілмеген жерлерге жиі рейд жүргізіп отыруы тиіс», – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Тағы оқыңыз:СҚО-да алауыздық қоздырды деген күдікпен ұсталған тұрғын полиция қызметкеріне шабуыл жасады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x