Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенін қолдау мақсатында мемлекет жыл сайын қомақты қаржы бөледі. Биыл ғана мал шаруашылығын дамытуға 300 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған, деп жазады Qazaqstan Media.

Мемлекеттік қолдау ең алдымен өсімдік және мал шаруашылығын субсидиялау арқылы жүзеге асырылады. Өсімдік шаруашылығы бойынша фермерлер элиталық тұқым, минералды тыңайтқыш, пестицид алуға ақша ала алады. Сонымен қатар, суару қызметтері және өнімділікті арттыруға қажетті басқа да шығындардың бір бөлігін өтей алады. Биыл бұл бағыттағы субсидиялау қағидалары жаңартылды.

Мал шаруашылығында асыл тұқымды мал сатып алуға, селекциялық жұмыстар жүргізуге, аналық мал басын көбейтуге қолдау бар. Сондай-ақ ет пен сүт өндірісін дамытуға арналған субсидиялар қарастырылған.

Шаруашылығын кеңейтуді жоспарлаған фермерлер инвестициялық субсидияға жүгіне алады. Бұл тетік арқылы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, сүт-тауар фермаларын, мал бордақылау алаңдарына арналған. Жылыжайлар, көкөніс қоймалары мен суару жүйелерін салуға жұмсалған инвестицияның бір бөлігін мемлекет өтейді.

2026 жылдан бастап елімізде «Агробизнес мал шаруашылығы» бағдарламасы іске қосылды. Ол асыл тұқымды ірі қара, қой, жылқы және басқа да ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға мүмкіндік береді. Бағдарлама бойынша несие жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен ұзақ мерзімге ұсынылады.

Сонымен қатар мемлекет лизинг арқылы ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға да қолдау көрсетіп келеді. Кейбір жағдайларда лизинг инвестициялық субсидиямен қатар қолданылады.

Мемлекеттік қолдау бағдарламаларына жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен заңды тұлғалар қатыса алады. Алайда әр бағдарламаның өз талаптары бар. Мәселен, жер көлеміне, мал санына немесе инвестициялық жобаның болуына қатысты шарттар қарастырылған.

Қазіргі таңда субсидиялардың басым бөлігі электронды форматта рәсімделеді. Өтінімдер цифрлық жүйелер арқылы қабылданып, жер учаскелері, мал басы мен техника туралы мәліметтер мемлекеттік дерекқорлар арқылы автоматты түрде тексеріледі.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда қарызды реттеудің жаңа цифрлық платформасы іске қосылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *