Президент сынға алған МӘМС жүйесі тоқтай ма?

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін сынға алды. Бес жылдың ішінде жүйеге қаржы екі есе артық құйылғанымен, нәтижесі көңіл көншітпейді деді мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Жиында президент әлеуметтік саладағы инфрақұрылымды дамыту мен сала мамандарының беделін арттыруға аса мән берлігенін айтты.

«Енді азаматтарға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту қажет. Бұл – ең алдымен, денсаулық сақтау саласына қатысты мәселе. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанына бес жыл болды. Содан бері бұл саланың бюджеті екі есе артты. Алайда медициналық көмектің сапасы айтарлықтай жақсарды деп айтуға болмайды. Көптеген қызмет әлі де қолжетімді емес. Бұдан бөлек көп жағдайда ресурстар тиімсіз жұмсалады. Медициналық сақтандыру жүйесінің қызметін үкімет қатаң бақылауға алу керек. Соның салдарынан бұл салаға қосымша қаржы бөліп, бюджетке салмақ салуға тура келеді», – деді президент.

Жүйе қарапайым әрі түсінікті болуға тиіс. Алқалы жиыннан кейінгі брифингте премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, тілшілерге  МӘМС тоқтамайды, бірақ жетіле түседі. Ол МӘМС әлемдік тәжірибеде қолданылып жүрген тиімді жүйе екенін айтты.

Тағы оқыңыз: СҚО-да саңырауқұлақ фермасы салынады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x