Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде 21 ұлттың өкілі қызмет атқарады. Солардың бірі – полиция майоры Ксения Ищенко. Білікті маман бірнеше жылдан бері мемлекеттік тілді меңгеріп жүр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ксения Ищенко Петропавл қаласының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бөлімшесінің бастығы лауазымында қызмет атқарады. Орыс қызының қазақ ұлтты туыстары бар. Сол себепті, қазақ тілі оған бала кезінен жақсы таныс. Алайда тілге деген қызығушылығы есейгенде пайда болған. Осылайша, полиция майоры қазақ тілін үйрену үшін арнайы курстарға жазылған.

“Қазақ тіліне деген қызығушылығым 5 жыл бұрын пайда болды. Қазақша жазылған кітаптарды оқып, қазақ әндерін жаттай бастадым. Қазақ тілімен танысу осылай басталды. Тіл мемлекеттің негізі. Мемелекеттік тілді білу Қазақстанның әрбір азаматының борышы”, – дейді Петропавл қаласы ПБ учаскелік полиция инспекторлары бөлімшесінің бастығы Ксения Ищенко.

Ксения іс-қағаздарын да мемлекеттік тілде жүргізеді. Оның сөзінше, кез-келген адам қысқа уақытта тілді үйрене алады. Бар болғаны ынта мен жігер болуы тиіс.

“Әрине тіл меңгеруде қиындық болады. Дегенмен алған білімді теорядан бөлек тәжірибе ретінде қолданып, күнделікті өмірде қолдану қажет. Мәселен, достарыңызбен сөйлесіп, қоғамдық орындарда көбірек қазақ тілін қолдану керек. Осылайша, қателіктермен жұмыс істейсіз”, – дейді Ксения Ищенко.

Тағы оқыңыз: СҚО-да күн суытады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x