Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орайластырылған сенбілік барысында Петропавлда шырша мен қарағайдың 300 көшеті егілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сенбілік
Жасыл желектің 150-і Жеңіс саябағында және тағы 150-і Жұмабаев көшесіндегі алаңда отырғызылды. СҚУ-нің доценті, ғалым Тимур Зверяченко мен ботаникалық бақтың директоры Артур Рязапов қаланы аралап, топырақты зерттеп қай жерге қандай ағаш егуге болатынын анықтаған. Осылайша, Жеңіс саябағында қарағай ал М.Жұмабаев көшесіндегі алаңға шырша мен қарағай көшеттері отырғызылды.

Бұдан бөлек, сенбілік барысында Жеңіс саябағы қоқыстан тазартылып, сырлау мен әктау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Тағы оқыңыз:Полиция қызметкері Ксения Ищенко қазақ тілін меңгерудің жеңіл тәсілімен бөлісті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x