Петропавлды қалың қар басты

Петропавлда бір тәулікте жарты айлық мөлшердегі қар түсті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Синоптиктердің хабарлауынша, өңіріміздің барлық аудандарында қар жауған. Бірақ кей жерлерге ақ ұлпа аз түскен. Ал облыс орталығында жауған қардың мөлшері жарты айлық көрсеткішті құрап отыр.

Петропавлды қалың қар басты

«18 желтоқсанда облыс орталығында, 16,3 мм қар түсті. Жалпы ай басталғалы Петропавлда 38,8 мм қар жауды. Бұл орташа көрсеткіштен 55 пайызға көп», — деп отыр «Қазгидромет» мамандары.

Жауған қалың қардың кесірінен коммуналдық қызметтер де күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Бір тәулік ішінде олар 10200 текше метр қар шығарған.

Тағы оқыңыз: 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер қызметкерге өз қаражатынан зейнетақы жарнасын аудара бастайды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x