Петропавлдық жастар референдумға қатысуға шақырады

Петропавл жастары тұрғындарды алтыншы қазанда болатын референдумға қатысуға шақырады. Олар түрлі шаралар ұйымдастырып, халықтың көп бөлігін қамтуды мақсат етіп отыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Бүгін қоғамдық және саяси ұйымдар үлкен іс-шараға дайындалуда. Ең алдымен, олар халықты референдум жайында, АЭС жайында хабардар ету керек. Алдағы референдум туралы халықты ақпараттандыру акциясы City Mall сауда-ойын-сауық орталығында өтті. Жастар парақшалар таратып, петропавлдықтарды референдумға белсенді қатысуға шақырды.

«Біз облыс тұрғындарына әр адамның дауысы маңызды екенін жеткізгіміз келеді. Себебі сарапшылардың айтуынша, 2035 жылға қарай елімізде электр энергиясы тапшы болуы ықтимал. Олар АЭС салуды жөн санап отыр. Біз азаматтарды осы мәселеде белсенді болуға шақырамыз», — дейді қалалық халықтық штаб мүшесі Әлфараби Мыңбай.

Мұндай акциялар Петропавлда күн сайын ұйымдастырылады. Бес күннің ішінде жастар үш мыңға жуық адамды қамтыған. Белсенділер күніне үш-төрт іс-шара ұйымдастырады.

«Рефрендум өте маңызды науқан деп білемін. Мемлекет халықтың үніне құлақ аса бастады. Алдағы уақытта атом электр станциясын салуға қатысты референдум болады. Оған бір адамдай қатысуымыз керек», — деп отыр қала тұрғыны Асылхан Айсарин.

АЭС-ті Алматы облысы Балқаш көлінің жағасында салу жоспарлануда. Жоба құны 10-15 млрд долларға бағаланып отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x