Петропавлдағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде технология кабинеттері ашылды. Бұл кабинеттер жастарды ерте жастан еңбекке баулуға бағытталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media

Кабинеттердің біреуі ұлдарға арналса, екіншісі қыздарға тиесілі. Сыныптарда оқушыларға бар жағдай жасалған. Ерте жастан еңбекке жақын болуларына септігін тигізеді.

Петропавлдағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде технология кабинеттері ашылды
Петропавлдағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде технология кабинеттері ашылды

«Кабинеттерді «Жұмысшы мамандықтары» жылына орай ашып отырмыз. Осы арқылы біз оқушылардың жан-жақты болуына көмектескіміз келеді. Бұл болашақта балалардың мамандық таңдауына да зор септігін тигізеді. Шараға колледж оқытушыларын шақырттық. Ол ұл-қыздарға бар білгендерін үйрететін болады», — деді №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры Ләззат Жалмұқанова.

Қыздарға арналған кабинетте тігін шеберханасы мен ас дайындау бұрышы бар. Бұл жерде оқушылар тігін тігумен, тағам дайындаумен және дастарқан жаюмен айналысады. Ал ұлдардың бөлмесі заманауи станоктармен, арнайы аппаратурамен жабдықталған. Осы арқылы балалар техникалық ойлау қабілетін мен инженерлік дағдыларды игереді.

«Мен тігіншілікті жақсы көремін. Еңбекке баулу пәні мұғалімінен киім-кешек тігіп үйрендім. Ал жаңа технология кабинетінің ашылуымен мүмкіндігіміз арта түсті. Енді күрделі жұмыстармен айналыса аламыз. Бұл бізге болашақта зор көмегін тигізеді», — деді №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің оқушысы Ангелина Головочева.

Кабинеттерде интерактивті тақталар, жаңа жиһаз, арнайы жұмыс киімдері мен заманауи компьютерлер бар. Айта кету керек білім ордасында екі мыңға жуық оқушы білім алуда.

Тағы оқыңыз: Петропавлда полицейлер Жеңіс саябағын қоқыстан тазалады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *