Петропавлда жасөспірім аурухана қызметкерлеріне тапанша кезеп, дәрігер мен емделушіні ұрды

Петропавлдағы облыстық көпбейінді балалар ауруханасында 17 жастағы жасөспірім дәрігерлерге тапанша кезеп, қорқытқан. Бір дәрігерді балдақпен жарақаттады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқиға 23-ші қазанда орын алды. Жасөспірім екі досымен ауруханаға орталық есіктен кірген. Медициналық мекеме қызметкерлері оларды тоқтатпақ болыпты. Бірақ  ешкімді тыңдамастан, медбикелерге ауыр сөздер айтып, тіпті қоқан-лоқы көрсеткен. Тапанша кезеп қорқытыпты.

«Жастар жылдам қимылдап, екінші қабаттағы қалпына келтіру және медициналық оңалту бөліміне көтерілді. Олар дәліз арқылы өтіп, ем қабылдап жатқан 15 жастағы қыздың қасына барады. Жасөспірім әлгі қыздың басынан  қолмен ұра бастайды. Аурухана қызметкерлері қызды қорғауға кіріседі. Бірақ, 17 жастағы келуші қыздың қолындағы балдақты жұлып алып, дәрігердің ішінен ұрады. Содан кейін олар тездетіп бөлімнен шығып кетті» -дейді аурухананың бас дәрігері Нұрлан Айманов.

Дәрігерлер полиция шақыртыпты. Айта кету керек, дәл осы  жасөспірімнің бұл бірінші лаң салуы емес. Осыдан 2 ай бұрын ол 15 жастағы ем алып жатқан қызды аяқ-қол жарақатымен әкеліпті.  Қабылдау бөлмесіне кіре сала ол дауыс көтере сөйлеп, боқауыз сөздер айтқан. Травматолог дәрігердің ескертуіне құлақ аспай,  дәрігердің бетінен ұрған.

Тағы оқыңыз: Петропавлға белгілі актер Дәулет Әбдіғаппаров келді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x