Наурыз айынан бастап облыс орталығында 15 және 18 жастағы жасөспірімдер қалаішілік автобустарда жеңілдікпен  жүре алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Осыған дейін 7 мен 15 жастағы 22 мыңнан астам оқушы мұндай жеңілдікті қолданып жүрді. Енді бұл тізімге тағы 3 мыңнан астам жасөспірім қосылып отыр. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, автобустарда 50% жеңілдікпен жүру үшін баланың өзімен бірге жасын растайтын құжаты не болмаса жол картасын сатып алуы тиіс. Бірақ қолма-қол төлем жасалса – 65, егер жол жүру ақысын картамен өтесе- 40 теңге төлейді. Жалпы Петропавлда қоғамдық  көлікте 9,5 мыңнан астам тұрғын тегін қатынай алады. Алайда, оның 4 мыңы ғана жол картасын алған.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x