Петропавлда тағы бір коммуналдық апат болды

Ескірген жылу желілері сыр беріп жатыр. Петропавлда бір күнде екі коммуналдық апат болып, ондаған нысан жылусыз отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Осыған дейін Qazaqstan Media редакциясы Н. Назарбаев көшесі мен Казахстанская правда көшесі аралығындағы жылу желілер істен шығып, бірнеше көпқабатты үй жылусыз қалғандығын жазған болатын.

Қазір апат болған жерде арнайы бригадалар жұмыс істеп жатыр. Апат болған жерге облыс және қала әкімдері барып, жағдайды бақылап қайтты.

Петропавлда тағы бір коммуналдық апат болды

Айта кету қажет, жарылған құбыр өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған. Содан бері ауыстырылмаған.

«2022 жылы көктемде тұрғындарға гараждарды алыңдар деген болатын. Көшені, құбырды жөндейміз деді. Бірақ жөндеу жұмыстары болған жоқ. Енді міне, нәтижесін көріп отырсыздар. Маңында тұрған машина ыстық судың астында қалды», – дейді қала тұрғыны Валентина Эйсман.

«Петропавл жылу желілері» ЖШС мамандары жөндеу жұмыстары қанша уақытқа созылатындығын айтпады. Бірақ қыстың ортасында жаураған тұрғындарды 2-3 сағат көлемінде жылумен қамтамасыз етеміз деп уәде берді.

Ал екінші коммуналдық апат С. Мұқанов көшесінде болды. Мұнда да жылу желілері шыдас бермей, құбыр жарылған. Салдарынан сауда орталығынан адамдар эвакуацияланып, төрт коммерциялық нысан жылусыз қалды.

Петропавлда тағы бір коммуналдық апат болды

Тағы оқыңыз: СҚО полицейлері шетел азаматынан тыйым салынған кітапты тәркіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x