Петропавлда жеке тұрғын үй құрылысына арналған 1419 жер учаскесін беру жоспарланып отыр. Бұл үшін қала әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі  қазір «Солнечный-2» және «Оңтүстік» шағын аудандарында инженерлік инфрақұрылым тартып жатыр. Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлады деп жазады  Qazaqstan Media.

Қала әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі мәліметінше, қазір «Солнечный-2» және «Оңтүстік» шағын аудандарында инженерлік инфрақұрылым тартылып жатыр. Жұмыстар жоспар бойынша осы жылы аяқталуға тиіс. Соның нәтижесінде тұрғындарға 1419 жер учаскесін беру мүмкін болады.

Бұл – 10 сотық жерге жылдар бойы кезек күткен мыңдаған адам үшін үлкен үміт. Себебі Петропавлда жеке тұрғын үй салуға жер алғысы келетіндер саны қазір 23 500-ге жеткен. Тек биылдың өзінде кезекке тағы 1013 адам тұрған.

Қалада 10 сотық жерге кезек 2003 жылдан бері жүргізіліп келеді. Содан бері бұл тізім жыл сайын ұлғайып отырған. Ал 2013 жылдан бері бар болғаны 1,5 мыңға жуық адам ғана көптен күткен жер учаскесіне қол жеткізген.

Петропавл қалалық жер қатынастары бөлімі мамандарының айтуынша, 2024 жылы кезекке 2183 азамат алынған. Бірақ сол жылы тек 83 учаске ғана берілген. Былтыр 10 сотық жерге 1431 адам өтініш бергенімен, тек 46 тұрғын жер алған.

Тағы оқыңыз: 3 қыркүйек – тазы мен төбеттің күні

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *