Петропавлда сәуірдің 25-сі жылыту маусымы аяқталады

Петропавлда сәуірдің 25-сінен бастап жылу беру тоқтатылады. Нысандар жылу желісінен біртіндеп ажыратылмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл өңірге көктем ерте келгенімен сәуірде күн ызғарлы болды. Бірақ айдың соңғы онкүндігі жылы болатын сыңайлы. Тіпті сәуірдің 25-сінен бастап ауа температурасы + 20 градустан жоғары болмақ. Сондықтан бүгін Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев облыс орталығында жылыту маусымын аяқтау туралы тиісті қаулыға қол қойды.

Әдеттегідей жылу жүйесінен ең алдымен көпқабатты үйлер ажыратылады. Ал кейін кезек мектеп, балабақша мен аурухана сынды әлеуметтік мекемелерге келмек.

Айта кетейік, қала тұрғындары да бұл шешімге қолдау білдіріп жатыр.

Тағы оқыңыз: Шал ақын ауданына асыл тұқымды ірі қара жеткізілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x