Петропавлда кене мен масаларға қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізілуде

Қазіргі уақытта Петропавлда аумақтарды кене мен масаларға қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша жалпы 316 га жер дезинсекциялануы тиіс, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, негізінен адамдар көп шоғырланатын аймақтар өңделелуде. Яғни, орталық саябақтар мен аллеяларда тиісті шаруа атқарылып жатыр. «Береке, «Жас Өркен», Жұмысшы кенті мен су қоймаларының маңайына дәрі себілуде. Бұл шаруадан Пестрое көлі де шет қалмай, дезинсекцияланып жатыр.

«Мамандар «Фаворит В.К.Э» және «Альфацин 10%» препараттарын қолданады. Дәрілер Еуразиялық экономикалық одақ өнімін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген», – деп жазды баспасөз қызметінің өкілдері.

Қала аумағын маса мен кенеге қарсы дәрілеу жұмыстары түнгі уақытта сағат 02:00-ден таңғы 5-ке дейін жүргізіледі.

«Бір бригада құрылды. Оның құрамына дәрігер-эпидемиолог, эпидемиолог көмекшілер, биолог, дезинфектор нұсқаушы сынды мамандар кіреді. Әкімдікпен жасалған келісім-шарт бойынша шаруа жаздың басында басталды, тамыз айына дейін атқарылады», – дейді «СҚО бойынша дезинфекция орталығы» филиалының директоры Қасымбек Төрегелдиев.

Тағы оқыңыз:  Ереже бұзған электр самокаттар айып тұрағына қойылады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x