Петропавлда есірткі таратқан көкшетаулық жігіт 15 жылға сотталуы мүмкін 

Петропавлдық полицейлер есірткі жасырумен айналысып жүрген көкшетаулық жігітті ұстады. Одан,  437 грамм мефедрон мен «α-PvP» деп аталатын синтетикалық есірткі табылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Полицейлердің айтуынша, 24 жастағы көкшетаулық «интернет-дүкендердің» бірінде жұмыс істеген. Ол психотроптық заттардың үлкен партиясын жоспарлаған орындарға қойып кетіп отырған. Содан кейін оларды есірткі жасырушылар ұсақтап таратқан.

Полицейлер күдіктіні Петропавлдағы Космонавттар көшесінде ұстады. Жеке тінту кезінде әрқайсысының ішінде ұнтақ тәрізді зат бар 25-30 түйіншек салынған 10 пакет тәркіленді. Сараптама олардың мефедрон және «α-PvP» деп аталатын синтетикалық есірткі екенін көрсетті. Тәркіленгеннің жалпы салмағы 437 грамды құрады.

«Бұл биыл тәркіленген синтетикалық есірткінің ең ірі партияларының бірі. Күдікті күзетпен қамауға алынды. Электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы аса ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Тағы оқыңыз: Үш адам жарақат алды: СҚО-да бір тәулікте үш жол апаты тіркелді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *