Жыл басынан бері Петропавлда әкімшілік кодекстің 73-бабы бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 1141 құқық бұзушылық тіркелген. Олардың 874-і жауапқа тартылған. 85 адам ескерту түрінде жазаланса, 294-і әкімшілік қамауға алынған.

Жыл басынан бері Петропавлда әкімшілік кодекстің 73-бабы бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 1141 құқық бұзушылық тіркелген. Олардың  874-і жауапқа тартылған. 85 адам ескерту түрінде жазаланса, 294-і әкімшілік қамауға алынған. Ал қалған 491 материал тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі

Петропавл қаласының полиция басқармасында профилактикалық есепте 2362 адам тұр. ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-1-бөлігіне сай денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұрған 89 адам жауапқа тартылған. Ал тағы 3 азаматқа өз әйелін ұрып-соққаны үшін жаза қолданылған.  Мемлекет басшысының тапсырмасына сай 1 шілдеден бастап отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекет жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілген.

«Отбасылық жанжал үшін агрессорға ескерту жасалады немесе 5 тәулікке қамауға алынады. Ұрып-соққаны үшін – 10 тәулікке, егер осы іс-әрекетін қайталаса – 20 тәулікке қамауға алынады. Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін – 15, ал қайталап жасаса – 25 тәулікке қамауға алынады», -деді Петропавл қаласы полиция басқармасы бірінші полиция бөлімі бастығының орынбасары Әбілқайыр  Қазжан.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x