Биыл Петропавлда бірнеше кәсіпорын жаңа екпінмен жұмысын бастап жатыр. Солардың бірі толық циклді ет өңдеу кешені. Ол ұзақ уақыт бойы тоқтап тұрған еді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Облыс орталығындағы кәсіпорындардың тыныс-тіршілігін аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов бақылады. Ол алдымен Eurasian Milk сүт зауытында болды. Мұнда биылдан бастап қоюлатылған сүт шығарыла бастайды. Қазіргі кезде кәсіпорын ірімшік, сары май және қышқыл сүт өнімдерін өндіреді. 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Жобаға салынған инвестиция көлемі 50 миллион долларды құрайды. Болашақта бұл сома 70 миллион долларға дейін ұлғаяды.

Петропавлда бұрынғы ет комбинаты қайта жұмыс істеп бастады

Сүт зауытында заманауи еуропалық қондырғы орнатылған. Қазір зауыт тәулігіне 150 тонна сүт өңдейді. Ал биыл өндірістік қуаты екі есе өсіп, тәулігіне 300 тоннаға жетпек. Жылына 45 мың тонна дайын өнім шығару жоспарлануда.

Бұдан бөлек, жақын арада Петропавлда толық циклді ет өңдеу кешені іске қосылады.  Бұрынғы ет комбинаты ұзақ уақыт бойы тоқтап тұрған еді. «Proviant» ЖШС инвестициясы мен жаңғыртуының арқасында кәсіпорынға жаңа өмір берілді. Онда 100 жаңа жұмыс орны ашылады. Кәсіпорында сою цехы болады, сондай-ақ қалдықсыз өндіріс жолға қойылмақ.

Тағы оқыңыз: Петропавлда отбасы құндылықтарын сақтауға арналған жиын өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *