[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/WhatsApp-Image-2023-04-03-at-12.46.55.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

Потанин көшесінде «Lada Kalina» автокөлігі мен скутер соқтығысты. Белгілі болғандай, алғашқысы қос дөңгелекті көлікке жол бермеген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Lada Kalina» автомобилі көлік тұрағынан шыға бергенде келе жатқан скутерге жол бермей, апатты жағдай туғызды. Салдарынан, скутер жүргізушісі медициналық көмекке жүгінген. Ал темір тұлпар иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 606-бабы бойынша хаттама толтырылды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.

«Тәжірибеге сүйенсек, скутер тізгіндеген азаматтар жолда жүру ережелерін жиі бұзады. Көліктің бұл түріне 16 жасқа толғандар отыра алады.  Ол үшін жүргізуші куәлігінің қажеті жоқ. Алайда, тиісті ережелерді толықтай меңгеріп, барынша сақтаулары тиіс», – деді қалалық ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Рүстем Тасболатов.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x