[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/7760-1619203178_sh.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

5 сәуірден бастап Қазақстанда балық аулауға тыйым салынады. Бұл жайында Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Уылдырық шашу кезеңінде балықтар мен өзге де су жануарларының биоалуандығын сақтау үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігі 5 сәуір мен 5 маусым аралығында «Уылдырық шашу» акциясын өткізеді. Ведомство өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, республиканың барлық аумағында балық аулауға тыйым салу мерзімін енгізеді, – деп атап өтті ведомство өкілі.

Осы кезеңде заңсыз балық аулау немесе өткізу, аулау не өткізу, балық және балық өнімдерін сатып-тасу ерекше бақылауға алынады. Талап бұзғандар жауапқа тартылмақ.

«Талапқа бағынбағандарға Әкімшілік кодекстің 383-бабы бойынша 10 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейін (34 500-138 мың теңге) айыппұл және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру (Қылмыстық кодекстің 335-бабы бойынша) түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген», – деді Шұғыла Тұрлыбек.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x