[et_pb_section fb_built=»1″ _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_text _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»]«Қызылжар» футбол клубы турнирлік кестеде көш бастады
[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/a7b43b79-64f2-4853-9abe-6327e0cd3b39-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Футболдан Қазақстан премьер лигасының 4-ші туры аясында жергілікті «Qyzyljar» футбол клубы кезекті кездесуін өткізді. Бұл жолы жергілікті аяқдопшылар алғашқы үш турда жеңілістің дәмін татпаған «Актөбе» футбол клубымен шеберлік байқасты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қос ұжымда ойының алғашқы минуттарынан бастап ширақ қимылдап гол соғатын мүмкіндіктер іздеді. Нәтижесінде ойының есебі 35 минутта ашылды. «Қызылар» футбол клубының шабуылшысы Лука Имнадзе мергендік танытты. Ал матчтың 56 минутында қызылжарлықтар есепті еселеді. «Қызылжар» ойыншысы Пернамбуконың алыстан бағыттаған соққысы қақпаға дөп тиді. Ойының 70-ші минуттында ақтөбеліктер есеп айырмасын қысқартты. «Қызылжар» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Әлібек Қасым пенальтиден мүлт кетпеді. Ал ойының нүктесін «Қызылжар» футбол клубының жартылай қорғаушысы Юрий Бушман қойды. 90 минутта қарсыластың қақпасына белгіленген 11 метрлік айып добын сәтті орындап шықты. Осылайша, бірде-бір ойында жеңіліп көрмеген Әли Әлиевтің шәкірттері турнирлік кестеде 1 орынға шықты. Айта кетейік, «Қызылжар» футбол клубы Қазақстан премьер лигасының кезекті ойынын 8-ші сәуір күні жергілікті Жастар стадионында «Атырау» футбол клубына қарсы өткізетін болады.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x