Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралады. Биыл өңірде 332 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Қазіргі уақытта Петропавлда 1,9 мың пәтерлік 17 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілуде, деп жазады Qazaqstan media.

Нысандардың бір бөлігі бюджет қаражаты есебінен тұрғызылуда. Мәселен, «Жас Өркен» шағын ауданында және Уәлиханов көшесінде Заречный тұрғындары үшін 90 және 72 пәтерлік үйлер салынып жатыр.

Петропавлда 17 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр
Петропавлда 17 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр

«Бұл кент өзеннің жайылмасында орналасқан және жыл сайын су тасқыны қаупі жоғары аймақ. Жаңа тұрғын үйлер адамдарға қауіпсіздік пен жайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, біз инвестицияларды белсенді тартып, коммерциялық құрылыс бағытында жұмыс жүргізудеміз. Петропавлда жеке құрылыс салушылар 10 көпқабатты тұрғын үй кешенін салып жатыр. Бұл үйлер заманауи стандарттарға сай келіп, «ақылды үй» (электронды құлыптар, Face ID, түтін және су ағуын  ескерту) технологияларын енгізуде, осылайша өңірдегі тұрғын үй құрылысына жаңа серпін беруде», — деді өңір басшысы.

Петропавлда әлеуметтік нысандардың құрылысы да жалғасуда.  Қазіргі уақытта «Жас Өркен» шағын ауданында мұз сарайы салынып жатыр.  Жаңа кешенде мұз аренасы, бассейн, мини-футбол залы және жаттығу аймағы болады.

Петропавлда 17 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр
Петропавлда 17 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр

Тағы оқыңыз: Облыстық «Жас биолог-зерттеуші» байқауына 40-тан астам оқушы қатысты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *