Петропавлда өрттен зардап шеккен ер адам, жансақтау бөлімінде жатыр

Петропавлда 17-ші қыркүйек күні көпқабатты үйден шыққан өрттен зардап шеккен ер адам қалалық көпбейінді ауруханада жатыр. Оның тыныс алу жолдарын күйік шалып, қатты иіс тиіп уланған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қыркүйектің 17-сі күні Петропавлда Парк көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінен өрт шыққан болатын. Тоғыз қабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатындағы пәтерде үй заттары мен жиһаз жанды. Құтқарушылар 220 адамды құтқарып, эвакуациялады.

Ал бір адам иіс тиіп уланды деген диагнозбен Петропавл қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Өрт кезінде зардап шеккен ер адам 1977 жылы туған. Ол пәтер иесінің ұлы екен. Қазіргі кезде жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оған жоғары тыныс алу жолдарын күйік шалған және қатты иіс тиіп уланды деген диагноз қойып отыр.

«Қазіргі кезде пациенттің жағдайы ауыр, тұрақты деп бағаланып отыр. Ауруханаға жеткізілгенде бірден өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған еді. Бүгін одан ажыраттық, өздігінен дем алуда. Бірақ жансақтау бөлімінде емделіп жатыр. Барлық медициналық көмек көрсетілуде», — деп хабарлады  облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, бұл Петропавл қаласында екі күн ішінде көпқабатты үйден шыққан екінші өрт. Осыдан екі күн бұрын Назарбаев көшесінде тұрғын үйден өрт шығып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Абырой болғанда, ол кезде зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жаяу жүргінші көлік астына түсіп, мерт болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x