Петропавлда 22-ші желтоқсанда жер үйден өрт шықты. Оған пешті дұрыс пайдаланбау себеп болған, деп жазады Qazaqstan Media.
От шыққан жеке тұрғын үй облыс орталығындағы 2629 км көшесінде орналасқан. Үй иелерінің пешті дұрыс пайдаланбауының салдарынан 54 шаршы метрді құрайтын аумақты өрт шарпыды.
«Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында жалын ошағынан екі газ баллоны шығарылып, жарылыстың алды алынды.
Өрт толығымен сөндірілді»,-деп жазады SKO 112 KZ телеграмм арнасы.
Тағы оқыңыз: 22 желтоқсан- архив қызметкерлерінің кәсіби мерекесі