Петропавлдағы әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы қалай?

Солтүстік Қазақстан облысында шамамен бір айдан кейін жылыту маусымы басталады. Әлеуметтік нысандар қыркүйек айына дейін дайындық құжатын алуы тиіс, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Петропавлда орталықтандырылған жылыту жүйесіне 185 нысан қосылған, оның 106-сы білім беру ұйымы. Бүгінде 81-і дайындық құжатын алды.

«Облыс орталығындағы 4 мектеп электр қуатымен жылытылса, Жұмысшы кентіндегі №44 мектептің өз қазандығы бар. Нысанға 20 тонна көмір жеткізілді. 33 денсаулық сақтау нысаны болса, соның 30-ы жылыту жүйесін жуып, шайды. Сол сияқты мәдениет саласына қарайтын 29 нысанның 23-і, 15 спорт нысанының 12-сі тиісті жұмысты атқарды», – дейді СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Владислав Лукин.

Әлеуметтік нысандар 1 қыркүйекке дейін жылыту маусымына дайындықтан өтіп, тиісті құжатты алулары тиіс.

«Петропавлдағы көпқабатты үйлердің дайындығы да назарда. Облыс орталығында 1164 көппәтерлі баспана бар, соның 1135-і – орталық жылу жүйесіне қосылған. Қазіргі уақытта 642 үй немесе 57% жылуға қосылуға техникалық жағынан дайын, 80-і дайындық құжатын алды», – дейді Владислав Лукин.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 105 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x