Петропавлда колледж студенттері арасында «Энергия билеушісі» атты викториналық ойын өтті. Онда жастардың атом электр станциясы туралы білімдері тексеріліп, энергия көзінің пайдасы туралы мәлімет айтылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Ашық аспан астында ұйымдастырылған қызықты ойынға Петропавлдың екі колледжінің студенттері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ауқымды тақырыпта викторинкалық ойын алғаш өткізіліп отыр. Себебі, атом электр станциясы туралы жиындар тек дөңгелек үстел форматында ғана өткізіліп келген.

«Біздің мақсатымыз — атом электр станциясы туралы барынша ақпарат тарату. Оның пайдасы мен тиімділігі туралы айту. Сұрақтардың басым бөлігі АЭС жұмысы, оның маңызды туралы болады. Атом энергеттикасының тарихына қатысты да сауалдарды қоямыз. Тест сұрақтары түрінде де сынақ бар», — дейді СҚО қоғамдық дамыту және ақпараттық орталығының маманы Оксана Гончаренко.


Викторина түрінде әзірленген сайысқа қатысқандардың бірі Артем Бежик. Ол Б. Әшімов атындағы Петропавл теміржол және көлік колледжінде оқиды. Ол курстастарымен бірге «Локомотив» тобын құрып, ойынға қатысуда.

Алғаш АЭС салынған жылы, станцияда болған соңғы төтенше жағдай, реактордың құрылысы, оның жұмысы сынды сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Алайда тестік сұрақ –жауап барысында қателесіп, қарсыластарына есе жіберіп алған.

«Бүгінгі ойын ерекше болды. АЭС жайында көп естісек те, толық білмейді екенбіз. Викторина барысында білімімізді толықтырдық. Өзіме ұнады. Сұрақтар қиын болды дей алмаймын. Бірақ біраз шатасып қалдық. Ұйымдастырушылар алдағы рефендум жайында да баяндап кетті. АЭС маңыздылығын да ойын арқылы жеткізді», — дейді студент.


Ұйымдастырушылар алдағы уақытта мұндай ойынды үлкен аудитоияны қамти отыра өткізуді жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыз: Солтүстікке көш: Бюджеттен бөлінген миллиардтар жымқырылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x