Облыстық онкологиялық орталықта күрделі ота жасалды. 48 жастағы науқастың құрсақ қуысы мен кіші жамбас аймағында салмағы 10 келі болатын ісік алынып тасталды, деп жазады Qazaqstan Media.

Күрделі ота МӘМС аясында жасалыпты. Дәрігерлердің мәліметінше, науқастың дене салмағы 150 келі болса, оның ісігінің салмағы 10 келіні құрады. Науқаста аналық безі ісігі былтыр анықталған екен. Кейін ол ауруханаға жүгінбей қойған. Биыл ісік ауырғасын, дәрігерлердің алдына келген.

«Ісік көлемі едәуір өсіп, 10 келіге дейін жеткенін анықтадық.  Ота екі сағат жасалды.  Қазіргі уақытта алынған материал гистологиялық зерттеуге жіберілді», — дейді хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Мәлік Сексембаев.

2 сағатқа созылған күрделі отаны хирургия бөлімінің меңгерушісі Сексембаев Мәлік Жамалбайұлы мен онкохирург Набиуллина Наида Ахмедоллаевна жасады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл денсаулыққа қасақана зиян келтіру салдарынан тоғыз адам көз жұмды

Поделиться:

Shares