Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласының атауын Қызылжар деп өзгертуге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО әкімі бұл мәселені Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында көтерді. Журналистердің Петропавл атауын өзгерту жөніндегі сұрағына жауап берген Ғауез Нұрмұхамбетов бұл мәселе күн тәртібінде жоқ деді.

«Халықпен жиі кездесіп тұрамыз. Сол кезде Петропавл қаласының атауын өзгертуге қатысты мәселе көтерілмейді. Бұл мәселе күн тәртібінде жоқ. Өйткені, шаһар тұрғындары көбіне абаттандыру және қаланы дамыту мәселелерін қозғайды. Облыс орталығында 400 шақырым жол болса, соның тек 40 пайызына ғана асфальт төселген. Ең біріншіден сондай проблемаларды шешу керек», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов. 

Тағы оқыңыз: СҚО-да белгілі аграрий Небиюла Сағындықовқа қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *