Петропавл қаласының әкімі Заречный кентінің тұрғындарына үндеу жасады. Шаһар басшысының сөзінше, аптаның соңына қарай мұнда үлкен көлемде су келеді, деп хабарлайды Qazaqstan media тілшісі.

2017 жылы Заречный кентіндегі 130дан астам үй мен жүздеген саяжай су астында қалған болатын. Ал биылжағдай тіптен күрделі болмақ. Өйткені, Сергеев су қомайсының ернеуінен асқан су рекордтық көрсеткіштерге жетті.

«Тасқын судың бірінші толқыны осы аптаның соңына қарай Заречный ауылына батыс жақтан келеді деп күтілуде. 2020 жылы онда биіктігі 2,8 м болатын бөгет салынып еді. Ол Заречныйды жыл сайынғы су тасқынынан қорғауға жеткілікті болды. Қазір осы бөгетті 4,5 метрге дейін нығайтып жатырмыз. Бұл жұмысқа барлық қызметтер, еріктілер және қарапайым тұрғындар жұмылдырылған», – деді қала әкімі Серік Мұхамедиев.

Заречный кенті Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Сол себепті де, бұл жердегі үйлерді су басу қауіпі жоғары. Қала әкімінің сөзінше, өз үйлерін тастамай басын қауіпке тігіп жатқан тұрғындар баршылық екен.

«Кешеден бастап мамандар тұрғындарды эвакуациялауды бастады. Бірақ кейбір тұрғындар өз үйлері мен саяжайларын тастап кеткісі келмей жатыр. Қаншама жыл жинаған мүліктерін тастап кету қиын, мен оны түсінемін. Алайда, қазір сіздердің қауіпсіздіктеріңіз маңызды. Су тасқынының болғанын күтпеңіздер. Қазірден әрекет етіп, туған-туыстарыңыздың үйіне немесе эвакуациялық пунктерге баруларыңызды сұраймын. Бірде-бір тұрғынның мүлкі назардан тыс қалмайды. Мен қала әкімі ретінде қолдан келгеннің барлығын жасаймын», – деді Серік Мұхамедиев.

Петропавл қаласындағы эвакуациялық пунктер  тәулік бойы жұмыс істейді.

Тағы оқыңыз:СҚО-да зардап шеккендерден өтемақы алуға өтініш қабылдау басталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x