Петропавл қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қала  әкімі Серік Мұхамедиевтің өкімімен Петропавл қаласы әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары болған Әділбек Аубакировтың орнына  Біржан Сайлауұлы Көшербаев тағайындалды, деп  хабарлайды Qazaqstan Media.

Біржан Сайлауұлы Аққайың ауданы Рублевка ауылының тумасы.  1994 жылы 7 қаңтарда туған.  

Еңбек жолын 2013 жылы СҚО бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде заңгер көмекшісі қызметінен бастаған.

Осы тағайындауға дейін облыс әкімдігінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы лауазымында жұмыс істеді.

Тағы оқыңыз: «Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдасын бекіту» туралы қаулыға қол қойылды

 
Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x