Наурыз айынан бастап мектептерде бірінші ауысымдағы сабақтар кейінірек басталуы мүмкін

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен кейін мектептердегі сабақтардың басталу уақыты өзгеруі мүмкін. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Наурыз айынан бастап елімізде бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі. Осыған байланысты министрлік әкімдіктерге сабақтың басталу уақытын қайта қарауға мүмкіндік беріп отыр. Әсіресе, бірінші ауысымның уақытын өзгертуге болады екен. Министр бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы шешімді тиісті сарапшылар қоғамы, ғалымдар қабылдағанын атап өтті.

«Оқу уақыты бойынша, әрине, жергілікті атқарушы органдарға қажет болған жағдайда сабақтың басталу уақытын қайта қарауға мүмкіндік береміз. Мұнда ешқандай кедергі жоқ. Мысалы, таңертеңгі сағат 8.00-де оқуды бастайтын мектептер 8.30-да бастауы мүмкін. Әрине, мүмкіндіктер бар», – деді Ғани Бейсембаев.

Тағы оқыңыз: Петропавлда тұрғын үйде болған өрттен екі адам зардап шекті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x