Петропавлда тұрғын үйде болған өрттен екі адам зардап шекті

20-шы ақпан күні Петропавл қаласында жер үйден өрт шықты. Нәтижесінде екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

От Жұмысшы кентіндегі Матвеев көшесіндегі үйлердің бірінен шыққан. Ол туралы хабарлама 101 арнасына таңғы сағат алты кезінде түскен. Оқиға орнына жеке құрамның 16 маманы, 4 техника жіберілді. Тілсіз жау баспананың кіреберісі мен шатырына зақым келтірген. Адам шығыны жоқ. Бірақ зардап шеккендер бар.

«Өрт 30 шаршы метр жерді шарпыды. Салдарынан 1978 жылы туған ер және 1983 жылы туған әйел адам жеңіл жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілді», – деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

​Тағы оқыңыз: Қазақстанда 2025 жылға қарай суперкомпьютерлер іске қосылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x