СҚО-да демографияны жақсарту үшін түрлі төлемдер мен жәрдемақыларды ұлғайту жоспарлануда

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 10 жылда халық саны 45,8 мың адамға азайған. Оның ішінде ауыл халқының саны 63,8 мың адамға қысқарыпты. Өңір жетекшісінің айтуынша, солтүстікқазақстандықтардың сыртқа жайлы өмір іздеп кетуі облыстағы демографиялық өсімге әсер етіп отыр. Оны жақсарту үшін түрлі төлемдер мен жәрдемақыларды ұлғайту жоспарлануда деп хабарлады облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов,деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қосымша көмектің ішінде отын мен көмір сатып алу үшін біржолғы төлем болады, өйткені солтүстікте жылыту маусымы 222 күнге созылады. 

«Демографиялық жағдайдың нашарлауы және туудың төмендеуі; жалақының төмен деңгейі; ауыл халқының азаюы және урбанизация процесі; азаматтарды жұмыс күші артық өңірлерден көшіру; облысішілік қоныс аударуға қатысушыларды тұрғын үймен және субсидиялармен қамтамасыз ету; жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету»,- Сенатта өткен жиында Ғауез Нұрмұханбетов өңірдің орталық деңгейде шешуді талап ететін осы проблемаларын атап өтті.

Осы мәселелерді шешу үшін Ғауез Нұрмұхамбетов жәрдемақылар мен төлемдерге мынадай өзгерістер енгізуді ұсынды:
Облыс аумағында тұрақты тұратын көпбалалы аналарға тууға және бала күтіміне арналған біржолғы жәрдемақыны, ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны екі есеге ұлғайта отыра,  әлеуметтік кодекске өзгерістер енгізу. Облыста пилоттық жоба қолданылсын.
Жалақыны тұрақты төлейтін және әлеуметтік және салық аударымдарын жүргізетін әрбір жұмысқа орналастырылған жұмыссыз үшін, екі жыл ішінде жұмыс берушілерге 30 АЕК мөлшерінде субсидиялар төлеуді енгізу. Бұл еңбек қатынастарын көлеңкеден шығаруға және жеке сектордағы жалақыны облыс бойынша орташа айлық деңгейге дейін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Халықтың осал топтарына, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген жас мамандарға, сондай-ақ қоныс аударушылар мен қандастарға жылына бір рет отын мен көмір сатып алуға 35 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа қағидаларын әзірлеу.  Өйткені өңірде жылыту маусымы 222 күнге созылады.
«Еңбек» бағдарламасы бойынша үй алуға құқығы бар адамдар санаты облысішілік қоныс аударуға қатысушылармен толықтырылсын.
Жергілікті өңірлік бағдарлама Отбасы банкі арқылы республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру тетігімен толықтырылсын.

«Соңғы 10 жылда халық саны 45,8 мың адамға қысқарды, оның ішінде ауыл халқының саны 63,8 мың адамға азайды. Бұл ретте, 10 жыл ішінде көші-қон сальдосы минус 54,5 мың адам, оның ішінде сыртқы – минус 23,8 мың адам болды. Сыртқы көші-қонның 70%-ы Ресей Федерациясына тиесілі. Бұл процесс заңды, өйткені біз солтүстіктегі көршіміздің 3 облысымен шектесеміз, ол жаққа негізінен жастар жалақысы жоғары жұмыс, қолайлы әлеуметтік жағдай іздеп кетеді», – деп Ғауез Нұрмұхамбетов Сенатта өткен Үкімет сағатында мәлім етті.

Әкім өңір үшін табиғи газды жеткізу өзекті мәселе болып қала беретінін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Наурыз айынан бастап мектептерде бірінші ауысымдағы сабақтар кейінірек басталуы мүмкін

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x