Мереке күндері ХҚКО қалай жұмыс істемек?

Халыққа қызмет көрсету және мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары Құрбан айт мерекесіне байланысты ертең жұмыс істемейді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

1 шілде күні ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО әдеттегі жұмыс кестесі бойынша азаматтарды қабылдайды. Бұл күні алғашқы аталғаны 18:00-ге дейін, мамандандырылғаны 20:30-ға дейін ашық болады.

Ал 6 шілде күні мамандар тұрғындарды қабылдамайды. Елорда күніне байланысты демалыс жарияланды. Келесі 7,8 шілдеде кезекші орталықтар түскі сағат 1-ге дейін ашық болады.

Кәдімгі жұмыс күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 09:00-ден 18:00 дейін жұмыс істейді. Кезекшілері 8-ге дейін ашық болады.

Тағы оқыңыз: 28 маусым сағат 07:00-де СҚО-да Айт намазы оқылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x