«Мал да, жан да аман»: СҚО-да жүргізуші жылқыны қағып кетті

СҚО-да 58 жастағы жүргізуші жылқыны қағып кетті. Оқиға түнгі уақытта Көкшетау-Омбы автожолында болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ақжар ауданының 58 жастағы тұрғыны түнгі үштер шамасында Көкшетау-Омбы автожолында жылқыны қағып кеткен. Айтуынша, Тайынша ауданындағы Аймақ ауылы маңынан өтіп бара жатқанда жолға кенеттен бір табын жылқы шыққан. Жүргізуші Lada Granta көлігін тоқтатуға тырысқанмен, жануарға соғылған. Көлікке механикалық зақым келген. Жүргізуші зардап шеккен жоқ, жылқы да аман.

«Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бақташыны немесе табын иесін анықтап жатыр. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 408-бабының 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылатын болады. Мал жаю қағидаларын бұзу жол-көлік оқиғаларына алып келуі мүмкін екенін естен шығармаған жөн», – дейді аудандық ПБ бастығы Нұрлыжан Ақтанов.

СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы ұсынған мәліметке сәйкес, тәртіп сақшылары 11 айда мал бағу ережесін бұзу бойынша 3440-тан астам хаттама толтырған. Сондай-ақ тәртіп сақшылары Солтүстік Қазақстан облысының автожолдарында еліктердің көбеюіне байланысты жүргізушілерді сақ болуға шақырады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағаны үшін салынатын айыппұл мөлшері артады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x