М.Жұмабаев атындағы жоғары педагогикалық колледжінде президент жолдауы талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауы М.Жұмабаев атындағы жоғары педагогика колледжінде талқыланды.Қазіргі уақытта бұл оқу орнында 1600-ге жуық студент бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

М.Жұмабаев атындағы жоғары педагогика колледжінің студенттері дипломдарын қолдарына алған соң, ел тарапынан өздеріне қолдау боларына  кәміл сенімді. Себебі, Президент халыққа арналған  әр жолдауында жастардың дамуына басымдық береді. Бұл жолғы кезекті жолдауында да жас буынды қолдауға бағытталған бастамаларға баса назар аударды. Сонымен қатар, мемлекет басшысы бұл жолы  еліміздің экономикалық дамуына, жаңа технологиялардың игерілуіне, адам құқығы мен ауылшаруашылық өнімдері, соның ішінде инновациялық жобалардың дамуына аса мән беруіміз керектігін атап өтті.

 «Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын мұғалімдікі дейді ғой.  Президент жолдауында педагог мамандығын таңдаған студенттерге жақсы назар аударылуда. Біздің стипендия 50%  көтерілді. Қаңтар айында да көтеріледі деген үміт бар. Қазір студенттердің жатақхана мәселелері де шешіліп жатыр.Бұл бізді, студенттерді қуантады. Ел тарапынан қолдау бар екенін сезінеміз»,- дейді М.Жұмабаев атындағы жоғары педагогикалық колледж студенті Дидар Аймұқан.

Тағы оқыңыз:Петропавлда кәріз коллекторы жарылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x