Лобанов ауылдық округінің әкімдігі 900 мың теңгеге аялдама сатып алмақ

Айыртау ауданындағы Лобанов ауылдық округінің әкімдігі 904196 теңгеге аялдама сатып алмақшы. Ол Заря ауылының маңында орнатылуы тиіс, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған хабарландырудағы талаптарға сәйкес, 904 мың теңгенің аялдамасы алтынмен апталып, күмістен қапталған емес, жай ғана темірден жасалынуы тиіс.

«Аялдама павильоны 8-10 адамға арналған. Жалпы өлшемдері кемінде 2,5 х 3,8 х 1,35 метр болуы тиіс. Аялдама павильонының қаңқасы 80х80 мм болатын профильді құбырдан жасалған тіректерден тұрады. Барлық металл конструкциялар полимерлі жабынмен жасалуы керек. Аялдама павильонының артқы және бүйір қабырғалары қалыңдығы 1,2 мм металл кенептен әзірленуі тиіс. Аялдамада беті ағаштан жасалып, үсті боялған орындық болуы шарт. Тағы қоқыс тастауға арналған жәшік орнатылуы қажет», – делінген мемлекеттік сатып салу сайтындағы хабарландыруда.

Аялдама павильонының эскизі міндетті түрде тапсырыс берушімен келісіледі. Яғни, оны Лобанов ауылдық округінің әкімі қабылдап алуы тиіс.

Тағы оқыңыз: ҚХА облыстық филиалының ХХХІІ сессиясы өтті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x